-A A +A

Атқарушылық іс-жүргізу тараптарының кабинеті

Жеке және заңды тұлғалар назарына!
Атқарушылық іс-жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі атқарушылық іс-жүргізу тараптарының кабинеті
 
ҚР «Атқарушылық іс-жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 16 бабына сәйкес атқарушылық іс-жүргізу тараптары атқарушылық іс-жүргізудің деректерімен, электрондық нұсқасын қоса, танысу, үзінді көшірме жасау, көшірме түсіру, қосымша материал ұсыну, өтініш білдіру, атқарушылық әрекет жасауға қатысу, атқарушылық әрекеттерді жасау барысында ауызша және жазбаша түрдегі түсіндірмелер беру, атқарушылық іс-жүргізу кезінде пайда болатын бар сұрақтар бойынша өз дәлелі мен пікірін білдіру, атқарушылық іс-жүргізуге қатысушы басқа да тұлғалардың дәлелдері мен өтініштеріне қарсылық білдіру, наразылық білдіру, атқарушылық іс-жүргізу сұрақтары бойынша сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе шешімдеріне шағым беру, бітімгершілік келісімді бекіту жөнінде өтінішпен сотқа жүгіну құқығына ие.
Атқарушылық іс-жүргізу органдарының Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АІЖО ААЖ) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлеген атқарушылық іс-жүргізу тараптарының (борышкер, өндіріп алушы) кабинеті пайдалануға енгізілді.
Бұл кабинетте атқарушылық іс-жүргізу тараптары атқарушылық іс-жүргізудің орындалуы барысымен, сонымен қатар, іс-жүргізудің барлық процессуалдық материалдарымен таныса алады. Онымен қоса, іс-жүргізудің борышкері не өндіріп алушысы сот шешімін орындауға қатысты сұрақтар пайда болған жағдайда, сот орындаушысына онлайн режимде сұрақ қойып, қажет болса құжатты қоса тіркеп, оған қоса, онлайн режимде «электронды үкіметтің» төлем шлюзі арқылы қарызды өтей алады.
АІЖО ААЖ-да тіркелу үшін жеке және заңды тұлғалар жақын жердегі Халыққа қызмет көрсету орталығында жеке не заңды тұлғаның электронды-сандық қолтаңбасын алып, оны сайтта тіркеуі тиіс:
 
 
Қосымша ақпаратты атқарушылық іс-жүргізу тараптарының кабинетінде тіркелу бойынша нұсқаулықты жүктеу арқылы немесе келесі нөмірлерге хабарласу арқылы ала аласыз 8 (7172) 74-04-92, 74-06-33.