-A A +A

«Адвокаттық қызмет және құқықтық көмек туралы» және «Кейбір заңнамалық актілерге адвокаттық қызмет және құқықтық көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде сағат 17:30 сағатта Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен Ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Кездесу барысында, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес-қауымдастықтың өкілдері «Адвокаттық қызмет және құқықтық көмек туралы» және «Кейбір заңнамалық актілерге адвокаттық қызмет және құқықтық көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының тұжырымдамаларын талқылады.
Тұжырымдама адвокаттық қызмет жүйесін жетілдіруді көздейді, яғни адвокаттар тапшылығы мәселесін шешуге арналған. Мамандыққа қолжетімділікті жеңілдету үшін кіріс ақыларынан бас тарту. Өз кезегінде, адвокаттар санының өсуі бәсекелестікті арттырады, адвокаттарды кәсіби деңгейін көтеруге ынталандырады. Сондай-ақ, Францияның, Ұлыбританияның, АҚШ тәжірибесін ескере отырып, адвокаттардың міндетті жылдық кәсіби біліктілігін арттыру арқылы адвокаттардың біліктілігін арттыру.
Pro bono тәжірибесін енгізу, яғни халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін заңгерлік көмек көрсету. Ол үшін адвокаттарға жылына белгілі бір сағаттардың тегін заң көмегін беру құқығын беру ұсынылады. Сонымен қатар, осындай қызметтерді көрсетудің ең аз көлемі мен тәртібі адвокаттардың, заңгерлердің өзімен, өзін өзі реттейтін ұйымдар, кәсіби қауымдастықтар және т.б. атынан реттелуі тиіс.
Жеке тәжірибешілердің құқықтық мәртебесін, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтау және заңды түрде белгілеу. Сондай-ақ, өзін-өзі реттейтін ұйымдарды адвокаттық палаталар түрінде құру жоспарланып отыр, онда мүшелігі сотқа өкілдік ету түрінде заңгерлік көмек көрсететін жеке тұлғалар үшін, сондай-ақ заңгерлік кеңес беретін адвокаттар өз еркімен заң кеңесшілерінің палатасына кіруге құқылы.
Мемлекетпен кепілдендірілген құқықтық көмек көрсетудің жалпы шарттары мен тәртібін реттеу, оның ішінде мемлекетпен кепілдендірілген құқықтық көмек көрсету субъектілерін, оны алуға құқығы бар адамдарды анықтау және т.б.
Жалпы алғанда, заң жобаларының тұжырымдамалары азаматтарға қолжетімді және сапалы құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.
 
ҚР Әділет министрлігінің
Баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
 
#law2017